Құдай сазаңды берсін д.м. ашына айтылған қарғау сөз. ~ Қара қатын бөтен еш нәрсе айтпастан: “Келіп-келіп, аяғы бұған жетті ме? Құдай төбеңнен ұрғыр, Жарасбай! М.Әу. ~ Кәсіподақ шығар бүлдірген. Мен бір талантты мүсіншімен келістім, бүгін-ертең кеп қалады деп жүрген. Құдай төбеңнен соққыр! Бүлдірген сол десеңші. Ө.Кәр. ~ ─ Құдай төбеңнен қос қолдап ұрсын, Ораз. Ауылды жалғыз өзің жау шапқандай қылдың ғой, – дейді күліп. Т.Әбд.
