Жаратқан белгі беріп, әлдебір жаман істен сақтап қалды. * Ұрылар келетін күнгі кеште, мен жылқыны өріске шығарар алдында, құдай түрткен болу керек, сауын биелерді бағатын Сәлім жылқышымен болмашы бірдеңеге сөзге келісіп қалдым да, алдымдағы үйірлерді басқа жаққа айдап кеткен едім. Ә.Шәр. ~ Иә, жақын маңдағы тірі пендеге залалы болмаған Көкшолақ құдай түртіп оятқандай кенет ымырасыз жауға айналып шыға келуінің осындай себебі бары мұндағылардың одан әрмен ойын онға бөледі. Ұ.Досп.
