Ұятқа қалды, масқара болды. ~ Өте-мөте жамбастап жатып, қызға қылжыңдаған «мырзаларды» құдай ұрды. Кейбірі: «Қара таудың басын», енді бірі: «Арияйдай дегенге арияйдай, ақ серкенің мүйізі қарағайдайды» айтып, тағы бірі жаңылып, тұрып қап, жұртқа күлкі болды. Ж.Айм. ~ Өзімен алаң-елеңнен жарыса тұратын баласы, обалы не керек, бұрын жаман әкесін үш аяқты тарқылдақ мотоциклімен жеткізіп тастайтын. Бүгін құдай ұрды, безектеп аяғына тұрғызбады. М.Қаб.
