Жаратқанның басқа салғаны, нәсіп еткені. ~ Тіршіліктің басталуы бар, аяқталуы бар. Туу бар, өлу бар. Бір-біріне қарсы, қайшы құбылыс. Адамзат санасын осы қайшылыққа амалсыз көндіретін бір құдайдың әмірі. Ш.Айт. ~ Батыр болсаң бұл араға қалай түсіп қалдың? – деп сұрады. Оспан аспай-саспай: – Ол сенің ерлігің емес, Құдайдың әмірі ғой, – деп жауап берді. Ж.Шәк. ~ Әр нәрсенің әсте- әстесі, өлшеулі шегі болса керек қой. Кәдімгі төрт аяқты хайуан, ұшқан құс, жүгірген аң, мүтін жан-жануар жылына жал- қы сәт мерзімді уақытында ләззат ойнағына кенеліп, аз ғана тұшымды місе тұтқанда, еркек пен әйелді бір-біріне өліп өштіріп тойымсыз нәпсінің құлы етіп қойған құдайдың әміріне не қайран бар!? Ө.Кәр.
