Posted in

ҚҰДАЙДЫҢ ЖАЗҒАНЫ (САЛҒАНЫ)

Тағдырдың басқа салғаны, Алла тағаланың нәсіп еткені. ~ Қап! Мына құдайдың жазғанына амал болмас. Байғұс неме. Әлгі молла баланы айтам, жақсы бала еді. Осында отырғанда «Мен большевиктерден қорықпаймын!» деп-ақ отыр еді. Масқара болған екен!—деді Қожанберді таңдайын қағып. М.Дәу. ~ Осы ит не былшылдап отыр? Құдайдың жазғанынан артық не қыламыз, екінші кісіге береміз десең, Байжан болыстармен қосылып, біздің жанымызды қоя ма? Малымыздан құрық, басымыздан сырық түсіре ме? М.Жұм. ~ Екеуің де азаматсың, тұрмыстарың әлі-ақ жөнделіп кетеді. Денсаулығың да оңалады. Содан соң құдайдың салғанын көресің де, ұнамаса – басқа бір тәуір жер тауып аларсыңдар…” Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *