Шектен шыға асып-тасыды, адамгершіліктен кетті, кеудесіне нан пісті. ~ Қатының желіккен жоқ, сен желігіп барасың. Құдайыңды ұмыттың. Үй толы қатын мен бала, сен солардың үстіне қатын аламын деп ішкен асың бойыңа жұқпай жүр. Ә.Шәр. ~ Ертеңгі күнін ойлай білетін, аузында тәңірі, көңілінде тәубасы бар адамның өзі шыр бітсе, құдайын ұмытып кетеді. Бұл жалған болса, Мишель екі дүниеде оңбасын. А.См. ~ Жуырда өткен ауыл арасындағы бір тойда: «Менің қарындасым бұдан былай көрінгеннің қолжаулығы бола алмайды, күні кеше құдайын танымай кеткен Көбеннің де құдалыққа жіберген кісілерін үйімнен құр қайтардым», — деп бөсіпті. Б.Тоғ.
