Posted in

ҚҰЗ КЕУДЕ

Асқақтық, биіктік туралы. ~ Мұнарлардан жүр мұнда самал адасып. Жастықтың құрыш қолымен Кетіпті бүгін құмдауыт белді Құз кеуде қалалар басып. Ф.Оң. ~ Жасыл орман тұрса анау баулары боп, Қалай ғана шаба алар жаулары кеп. Жетісуды ту етіп тік көтерген Елмен бірге құз кеуде таулары көп. Р.Нияз. ~ Қош енді, Саған сүйеніп өстім, Мәңгі асқақ, дарқан құз – кеуде. Бізден бұл қалған киелі көк шың, Қайырлы болмас «Сіздерге»!.. Қ.Қау. ~ Арыстарды албырап туған алап, Өсірген-ді құз кеуде шыңға балап. Әр қашанда сөйледің, Мәртебелім, Уақыттың көзіне тура қарап. Р.Нияз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *