Posted in

ҚҰЗАР БАСЫ (ШЫҢ)

Асқар тау, биік шың. * Алтайдың құзар басына күз демі алғашқы болып жетіп, табиғаттың әр затынан, кеспір-келбетінен аңғаруға болушы еді. О.Бөк. * Осы әлемді аңсағаны ма? Түйдек-түйдек бұлтпен құрсанған асқардың құзар шыңындағы ұясына қарай асыққан қыранша делебесі қозады. Алабұрта ентелейді. Соған жетуге асығып еді. Қ.Тол. ~ Құзар шыңды қара бұлт мұнарлап, Көздегеннен көрмесеңде ұғар зат. Тіршілігім қараң қалды деместен Қажетіңе іздестіргін ұнар зат. С.Берд. ~ Бір-бірінен көз айырмай үздігіп Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт. М.Шах.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *