Posted in

ҚҰЙРЫҒЫН (К…Н) (АРТЫНА) ҚЫСТЫ

Жым болды, үнін өшірді; тыныш жүрді. * Емен тек жерге ғана бас ұрады! Дауыл оны күндейді, ашынады. He еменді құлатып басылады. He құйрығын қысады, қашып әлі… М.Мақ. ~ Әрі жел түгілі қарлы боран ұйтқыса да сары, сұрғылт топыраққа көмулі шаң мен құм да құйрығын қысады. Ұ.Досп. ~ Ешнәрсені естігісі жоқ, үлкендердің арасына түсіп төрелік айта алмаған соң, күні бұрын құйрығын қысып, тыныш жатқан абзал. Қ.Жиен.~ Сонымен талай заман өтті. Жұрт жарымады: күңкіл шыта бастады. — Мынауың түк білмейді ғой. — Көтін қысып тыныш отырмай, оқимын деп несіне борбайын созды? Ж.Айм. ~ Өзінің әлін біліп адам деген, Тып-тыныш отырмай ма көтін қысып. Мен сенің көне алмаймын, ырбаңыңа, Марапат мақтаншылық құрғаныңа. С.Тұрғ. ~ Несібелінің жөні бөлек. Алдымен біраз шаптығар… Артынан өзі-ақ құйрығын артына қысар. Мен білетін Несібелі болса сөйтеді. Алдында жар барын көрмейді дейсің бе? Ұ.Досп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *