Тыныштық таппады, мазасызданды, тыпыршыды. ~ Оспанның да құйрығына қыл батпай Нұрым ыңыранған сайын бетіне қарай түсіп, жаны шыға жаздап, құр анау үйден, мынау үйге кезекпе-кезек жүгіре берді. C.Тор. ~ ӘБДІКЕРІМ: Құйрығыңа қыл батпай отырып от үрлеуге мастақсыңдар! (саусағының ұшымен ымдап ) Әлімхан!.. – Әлімхан қағаз әкеліп ұсынады. Қ.Ысқ. ~ Дүниеден бейхабар Нұрбике құйрығына қыл батқандай қипақтап, мына пәле таға нені бұлдіріп еді дегендей сұраулы кейпін күйеуінен айырмай, мүлгіп отырған Қызылкөздің, мелшиіп сыпырған енесінің мүсәпір қалпынан күдік іздеген. Қ.Ысқ.
