Құдалық кәденің бәрін жасады, нағыз құда-құдағи атанды. ~ Өзің бармай-ақ, Бұқатай мен Қышықұтайды «құйрық бауыр жесіп, құдаласып кел» деп жіберейік! Ақыры, Меңлік әкейдің айтқаны болды. Шыңғыс хан үйіне қайтты. Ж.Шәк. ~ «Құда, құда дегізген, құйрық бауыр жегізген» деп әндете жүріп құдалар құйрық-бауыр асасты. БАҚ ~ Қалабай. Сөзден гөрі іс қымбат қой, досым. Құда түсірілді, құйрық бауыр желінді. Одан артық саған не керек? Ә.Тәж. ~ Ботақыз сұлу женгесіне жүгіріп айтты: – Анағы кісіге бар, сөйлесейік, – деді. Құда түспей, құйрық бауыр жемей, неге көрінесің оған. “Ер Тарғын”.
