Аспан денесі. ~ Түскен тастардың ішінде мың жарым пұттығы да бар. Сонымен құйрықты жұлдызымыз не нәрсе? Құйрықты жұлдыз – үлкен тұман. А.Байт. ~ Жау жеңіп, ағылшындар қатты әбігершілікке ұшырады. Сол кезде аспанда құйрықты жұлдыз көрінді. Жеңілген ағылшын-дар құйрықты жұлдыз «Құдайдың кәрі», бізді жау қыруына көрінген деп қорқысты. Құдайға сыйынып, жаманшылықтан құтылдыр деп молдаларға төгінді. Молдалар да елге мұны Құдайдың кәрі деп ұғындырды. А.Байт.
- Қысқа да мәнді өмір сүріп, жарқ етіп, өте шыққан адам хақында. ~ Хабарланып әр тұстан, Көрмей дамыл алмады. Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да, көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар жан болмады. Абай. ~ Расында да қазақ әдебиеті көгінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, 30 жылға жуық жетер-жетпес қысқа ғұмыр кешкен Сұлтанмахмұт Торайғыров мұрасы – қазақ халқының асыл қазынасы. БАҚ. * Сүйріктей сұлу болсаңда Сүйкімің кетсе – жақпайсың, Жүйріктің бірі болсаңда Киіктен биік баспайсың, Құйрықты жұлдыз болсаңда Бұйрықты жолдан аспайсың! Б.Әлімж.
