Ұнжырғасы түсті, көңілі бұзылды. ~ Сауда салғырт күйге түсіп, дүние тапшылығы елді күйзелтеді де, екеуінің де құйы бұзылып, Сталин мен Шыңдубән іштей арбаса бастаған. Т.Рыс. ~ Досының күдігі көбейіп, құйы бұзылғанын түйген Асқар:- Сендермен бүгін бірге болмайтын болдым. Арғы беттен біреулер келіп, мені іздеп жатыпты. Солармен жүздесейін,- деп Бәтидің әдейі қайнатқан шайына да қарамай, нан ауыз тиіп, шыға жөнелген. Т.Рыс. ~ Гауһардың құйы қатты бұзылып, ауыр ой шырмауынан шыға алмады. Т.Рыс. ~ Шинжиаңды шеңгеліне ұстаған Шиңшысәй үкіметінің құйы бұзылып, өзі шығарған “әділетті алты саясатынан” жалтара бастаған кезі еді. Т.Рыс.
