Posted in

ҚҰЙЫНДАЙ ҰЙЫТҚЫДЫ

Желдей есті, жосыта шапты. ~ Комиссияның келісімімен бәйгеге іріктеліп сексен ат құйындай ұйытқып, айдаушылардың алдыңа түсті. С.Бег. ~ Жер жағдайын жақсы білетін хан сарбаздары қырдағы құйындай ұйтқып, әредік
тұтқиылдан тиісіп, ізінше ізім- қайым жоқ болып кетіп, патша әскерлерінің құтын қашырды. C.Ақт.

  1. Аласұрды, әлем-тапырық күйге түсті. ~ Күн сәулесімен қызыл-бурыл болып шағылысқан құм дауыл құйындай ұйтқып бүкіл планетаны әп-сәтте-ақ қымтап ала қойды. С.Ғабб. ~ Жанат пен Гүлмира осы жаздан берi таныс. Алғаш көргеннен-ақ нәуетек жүректер байыз таба алмай, әдеттегiден өзгеше лүпiлдей жөнелген. Бопыр сезiм құйындай ұйытқып, жандүниесiнiң бода-бодасын шығарса да қыз жiгiтке сыртқы бет-әлпетiнен ештеменiң ұштығын аңғартпай кеткен. Ә.Ыб. ~ Патшалар таяр тағынан, Таймайды өмір заңынан. Жүгімді менің жеңілдет, Құйындай ұйтқып, кағынам. Н.Айт. ~ Ждақаймен бұ қалыпта айтысудың әурешілік екенін білді Хансұлу. Үндемеді. Сазарып отыр шайдан ұрттап. “Бұ, пәледен қалай құтыламын?” деп, ойы құйындай ұйытқып отыр. С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *