Posted in

ҚҰЙЫНДАЙ ҮЙІРДІ (ҮЙІРІЛДІ)

Есін жиғызбай, ойран-асырын шығарды. * Мырзабектің ауыз байлығы болмаса, қызды ұршықтай тез үйіріп әкететін өнері болмайтын. Лөляға оның қолын жеткізген адам — құрдасы Қасым. Әне ол бір көргенде -ақ, қызды құйындай үйіріп әкетеді. С.Мұқ. ~ Алабұртқан көңiлдi алашапқынға түсiрiп, сезiмдi құйындай үйiредi, сананы улайды, нәпсiнiң құштарлығын қоздатады. Ә.Ыб. ~ Үстеріне көрпе жапқан кезде Бәйтен Қоңыршаның толық санын, жұп-жұмсақ ішін сезді. Бойын билеген таңғажайып жан рақаты, өлермен құмарлық, беймәлім қорқыныш көңілінде құйындай үйіріліп, өкпесін аузына тықты. Т.Әбд. ~ Одан ышқынып қайта шығып, бөренелердi қайта тасып, ақ тер, көк тер болып, тау мен аждаһаның арасында құйындай үйiрiлiп, көз iлеспей зыр жүгiрдi келiп. М.Қан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *