Барынша тез шапты, заулады. * Аяңдаса – тымақты алшыдан салғызып, желсе – желдей естіріп, шапса – құйындай ұшатын, қашағанды шөбін жұткызбай қағып түсетін бедеу торыны ендігі көште Күнікей тағы мініп шыққанда… Ж.Айм. ~ Жеткізбейді Шұбар ат Атқан оқтай зырылдап. Құйындай ұшып шабады, Жал-құйрығы суылдап. “Алпамыс б.” ~ Шөкімнің айтқаны: – Мына шобырларға мініп қуып көріп едім, маңына дарытпады. Қапыда менің қолымнан жетегі шығып кеткен сәтте-ақ тура Егіз-қызыл жаққа бет алып құйындай ұшты. Өзі де әбден бабына келіп жарап алған екен, – деп аттың күйін сүйсіне айтты. С.Бег. * Осы кезде ғана қаншықты аңғарған Бірішек маңындағы бөрілерді тастап, соңынан құйындай ұшты. С.Жүн. ~ … алақ-жұлақ кері бұрыла салып, жаналғаш әзірейіл періште жатқан үңгір қайдасың деп құлапәре дедек қағып, құйындай ұшып келе жатады. Д.Дос. ~ Жүз қаралы көкпаршылар жанамалай шауып, жазыққа түсіп, бірінен бірі қара текені кергілеп жұла тартып, дүрсілдетіп, шаңдатып, құйындай ұшты. С.Жүн.
