Posted in

ҚҰЙЫП ҚОЙҒАНДАЙ ЖАРАСАДЫ

Шап-шақ; жарасымды. ~ Менің етігім Нәзираның аяғына құйып қойғандай жақсы жарасады екен,– деді еркелей кірген Шынар үлкендердің әңгімесін ортасынан қақ бөліп. С.Мұр. ~ «Он түйме омырауда қатар– қатар, түймеңді ағытқанша таңдар атар» деп, түнімен əндетіп шығатын ашына əуеніндегідей сарала жез түймелері жағадан етекке төгілген қара шұға қамзол құйып қойғандай жарасады. З.Қаб. ~ Бүгін бізге демалыс, Ғ– да үйде болды. Менің бірінші рет анықтап көруім еді. Расында, әдемі жігіт. Толықтау келген орта бойына қара костюм құйып қойғандай жарасады. Б.Бұл. ~ Астары жалт– жұлт атласты қара– қоңыр плащ та өзіне құйып қойғандай жараса кетті. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *