Басыбайлы, таңба салынған құл. ~ Кәрілер жағы: «Құлды жіберсең еркіне, күнде тышар бөркіңе» — деген-ау десіп, бас шайқаса, жастар: «Құлағы тесік құлдың құтыруын» — деп кіржіңдейді. Ү.Жәл. ~ Уақыт өте келе бірде, әйелі күйеуіне: “Ағам, ағам дейсің кеше құдайы тамақта ағаң өз баласына елдің төбесі бол- деп қойдың басының шүйдесінен берді. Сенің балаңа құлағы тесік құлға асатқандай, қойдың құлағынан кесті”-деп байқатпай сына қағады. М.Скак.
