Posted in

ҚҰЛАҒЫ ТҮРІК, КӨЗІ АШЫҚ

Көп нәрседен хабардар, көкірегі ояу; білімге құлшынысы бар. ~ Құлағы түрік, көзі ашық әкесі он сегізінші жылы Ораз Жандосовты Тоқаш Бокинмен бірге Қытайға кетіп бара жатқан жолында қонақ еткен екен. Б.Тоғ. ~ Сөзге құлағы түрік, көзі ашық, көкірегі ояу азамат. Оңашада өлең де кестелейтін сырлы сөзге құмарлығы тағы да бар. Т. Ахм. ~ Дипломын қалтаға салып, осы абыроймен бері келгенде, «талантты жас режиссер, қазақ киносының көсегесін көгертер мықты кадр» деген дабыра-дабыс өзінен бұрын жетіпті. Ұзын сөздің қысқасы, осы қаланың көзі ашық, құлағы түрік қауымы Белгібекті құшақ жайып, қарсы алған. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *