Тыңдағысы келмеді, наразылығын білдірді. ~ Үйге келгенше әлі некесі қиылмаған Ажаркүлдің аузымен Сырым боп жүрді; молдекең ақ кесемен неке суын ұрттатып: «Науша баласы Ұлтарақтың қатыны болуға өз еркіңізбен разысыз ба?» — дегенде, жас жар Ажаркүл құлағын басып, шалқасынан түсе жаздады. Қ.Түм. ~ Анау болса тартыншақтап жүрмей, бар даусымен барқырап айқайлайды. Тіптен балағат сөз айтатын болуы керек, қыз–келіншектер құлағын басып зытып барады. Б.Мом. ~ Жетті, жетті… – деп екі құлағын басты Упрай. – Ньютон деген шалдың басына алма құлап, шошып оянғанын білмейді дейсің бе? Бұрұндайда үлкен қызым тұрады, алдыңғы жылы барып қайтқанмын. О.Бөк.
