Posted in

ҚҰЛАҒЫН БҰРАДЫ

Қайта-қайта айтып, көндірді, дегенін істетті. ~ Сырт қараған адамға ол: Итбайдың жегер аты, киер киімі сықылды, өз қара басына тәуелді бір мүлкі, Итбайдың құлағын бұрап қойған оның өз басында өзіндік түк те жоқ, бар тілегі Итбайға ауған, «мені» жоғалған, Итбайдың көлеңкесіне айналған. С.Мұқ. ~ Мына алагеуімде дөң асып, алыстап жеке шыққан Жеңсіктің жүрісінде бір бәленің барлығын барлап тұрған бәйбіше де бұрыннан құлағын бұрап жүрген Сағындықты жетелеп, іле-шала дөңге шыға келді. І.Жанс. ~ Асылбек (сылқ-сылқ күліп). Бұ келін әмеңгерің-ау әлі сенің… Құлағын бұрай бергенің жөн. Мына сайлауды өткізіп қол босаса, ыңғайға алармыз, ешқайда кетпес бұ келін. Ал, бала, мана айтып па ем? Сыбағанды толық әкелдім, енді толқуды қой. Ұста мынаны! (Қойнынан бір буда ақша шығарып, Дүйсенге сынады.) Б.Май.

  1. Домбырасын баптады. ~ Шіркін неғып аузыма түспей кетті? Бірдеме ойлап қарайыншы, – деп жоғары қарап, домбыраның құлағын бұрай түсіп, əр жеріне түкіріп, бунағын жылжыта береді. Ж.Айм. ~ Бұл жолы да үн қатпай, домбырасын баптай береді. Тиегін түзеп, құлағын бұрап үнін бабына келтіргеннен кейін баяулатып тарта бастады. Б.Мом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *