Естіді. хабардар болды. ~ Оның жіңішке сәби даусы вагон дүрсілінен әзер естіледі, бірақ сонда да балалардың да, аналардың да құлағына тегіс жеткен сияқты. Т.Ахт. ~ Биік басынан құлағына жеткені күзгі күні қайтқан тырнаның үніндей әлсіз тырыл. К.Жүн. ~ Бұл жағдай құлағына жеткен Қытай елшісі Ғұбайдолламен жүзбе – жүз кездесуді сұрап өтініш айтады. С.Ақт.
