Қайта-қайта айтып, есіне салды; жақсылап ұғындырды; зердесіне құйды (құйып алды). * Келіншек қиыла күліп, әлдебір адресті қайта-қайта ежіктеп жездесінің құлағына құйып жатты. Қ.Ысқ. * Нағашы атасы Боранқұлдың құлағына нелер хикаяны бұрын да құйған ғой. Ғ.Біл. * Оқуға түскесін де курстас жолдас-жораларының мінез-құлық, жүріс-тұрысын, сөз саптасын аңдып құлағына құйды. М.Қаб.
