Posted in

ҚҰЛАҒЫНА МАЙДАЙ ЖАҚТЫ

Естігені қатты ұнады; көңіліне жақты. ~ — Кеспейді, әрине! — Нарәли ойланып, толғанған жоқ, шу дегеннен келісті, орталықтан пәтер аласың деген сөз бұның құлағына майдай жақты, “Тасираның күңкілінен құтылсам, қанеки!”. Ә.Тар. * Сай-сүйегіңді сырқыратар қоңыр әуез жорықтан қайтып желпініп келе жатқан жарақты әскердің де, жүректері жарылып алдарынан шығып тұрған мәз-мәйрам халықтың да құлағына майдай жағып барады. Ә.Кек. * Міне, қазір де қасындағы қауқылдасып келе жатқан көп қошеметшінің кімдер екенін ұмытьш, құлағына майдай жағып бара жатқан жапыр-жұпыр үнге ғана елітіп келеді … Ә.Кек. ~ Осы сөздердің бәрі де Ысқақтың құлағына майдай жағып еді. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *