Posted in

ҚҰЛАҒЫНА ШАЛЫНДЫ

Сыбыс жетті; әлдебір дыбыс еміс-еміс естілді. * Діл-Афруздың суға кетуі, оның, құлағына сол күні-ақ шалынды, «сөйтті» деген хабарды қызметкер болып жүрген татар әйелі құлағына сыбырлап қойды. С.Мұқ. * Қортықбайдың үйі орталық көшенің батыс тарапында еді. Үйіне жақындай беріп ем, сорп-сорп етіп шелекке құйылған сүт үні құлағыма шалынды. Т.Берд. * “Дәрiгер… Дәрiгер шақырыңдар!..” деп жанұшырған Устюговтың дауысы ма екен, жырақтан талқысып жеткен үн құлағына емiс-емiс шалынды. Т.Сәу. Еміс-еміс естілді; әлдебір сыбыс жетті. * Осы сыпсың кәрі софының құлағына шалынғалы алдақашан. Ә.Нұрп. * Оның көркі жайындағы лақап сол заманда қазақтың үйінің сыртына кәрі үлектей күркілдеп көп сүйкенетін жоңғардың бір ұрыншақ ханының да құлағына шалынады. Ә.Кек. * Түнде окопты аралап жүргенде сыртынан айтқан солдат әңгімесі құлағына шалынды. Т.Ахт. * Бір кезде: «Жастық дәурен өтеді» деген Салмұраттың сөзі құлағына шалынды. Т.Ахт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *