Posted in

ҚҰЛАҒЫНА СІҢІРДІ (СІҢДІ)

Ұғып алды, миына қондырды, есінде сақтады. ~ Қалай да қажыға жек көріндіру үшін ертеңді-кеш Нәзипаны жамандап қажының құлағына сіңіреді. І.Жан. ~ Қалтасы жұқа адамдардың дауына кіргісі келмейтін Құзғынбаев, «үйде жоқ деп айтыңыз» деген сөзді Антонина Евгеньевнаның құлағына сіңірген. С.Мұқ. ~ Өлеңнің сөзі Мағаш пен Дәрмен айта беретін, күндегі көптің құлағына сіңген сөз бола ма екен? Кейде айшықты сөз әлдеқайда алыстан кеп, осылай таңырқатып та кетуі керек. М.Әу. ~ Елдің құлағына әбден сіңіп қалған ер жігіттері мен аяулы қыздары көз алдына келеді. Уақиғасымен қоса өрілген ән мен күй тыңдаушының көкейіне дәл тиеді, «көкей кесті» атанады. Ғ.Мүс. ~ Енді сол дананың ішкі толғаныс сезімін ән сазымен, халықтың құлағына сіңіріп кеткенін естіп елжірей ұйып, ден қойдым. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *