Posted in

ҚҰЛАҒЫНА ЫЗЫҢДАДЫ (ЫЗЫҢ ҚАҚТЫ)

ҚҰЛАҒЫНА ЫЗЫҢДАДЫ (ЫЗЫҢ ҚАҚТЫ) Мазасын алды, мезі қылды. ~ Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса? А.Байт. ~ Осы мезет құлағына ызыңдаған әлдебір жат сарын естіледі. Жүйрігіне шідер салып, жаяу ілбіп, саусақ басын қанжоса қып желкесіндегі биік шоқыға тырмысады. Д.Дос. ~ Оның үстіне Нысан да: «Айт- пады деп жүрмеңіз. Осыдан қара да тұр. Отарыңның тең жартысы қысыр қалмаса мені ту ит екен де!» — деп келген сайын құлағына ызыңдайды. Ө.Кәр. ~ Біріне-бірі үйлеспей, қосылмай шулап жатқан дауыстан: кімнің не дегенін ешкім естіген жоқ, сезді айыруға болған жоқ, шулаған жұрттың құлағына ызың қаққан жалғыз дыбыс – «һу… һа… һу!..» С.Мұқ. ~ Медалы патша берген отқа ағып, Айбарлы алтын тоны жатты жанып. Әкесі көрде жатқан күңіренгендей Үн келді құлағына ызын қағып. С.Тор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *