Posted in

ҚҰЛАҒЫНЫҢ (ҚҰЛАҚ) ЕТІН ЖЕДІ

Бір айтқанын қайталай беріп, әбден мазасын алды. * Алты айдың қысы Лене байына ақыл үйретіп, құлағының етін жеді. Ж.Айм. * … күйеуінің де миын ашытып құлақ етін жеді… ашуға мініп, қамшымен қанша рет домбытып алғанымен қайтар емес… Қ. Мүб. * Кермеқас дейтін үлкен қарасұр бәйбіше күйеуінің де құлақ етін жеген. Ж.Ахм. ~ — Қой, жай сөз болар. Ай сайын елу процент өсім беретін банкі болушы ма еді?! — деген онша илана қоймай. Бірақ желігіп алған Бисара құлақ етін жей берген соң, Баймырза ақыры сол жаққа барып қайтты. Қ.Жұм. ~ Нұрке бізден көп мал дәмететін адам емес, бізге ең ауыры қол ұстату, жыртыс салу, ілу-кәделері, не де болса осы күз бізді Нүркенікіне жібер»,- деп Абайдың құлағының етін жейді. Ә. Кәкітай.

Әбден мезі қылған сөз, әңгіме, кеп туралы. * … көп уақытын тәжікелескен енжарлықпен, қантөгіссіз қақтығыспен өткізген екі мемлекеттің арасында баласынан айрылған Боранқұл құлақ етін жеген қанша өсекке таңылмады? Ғ.Біләл. ~ – Мына телефонды жазып алшы,— деп, үстел календарының бетін иегімен нұсқады. — Анық-қанығы есімде жоқ, бір қырылдақ шал сені іздеп, құлақ етімді жеп қойды. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *