Posted in

ҚҰЛАҒЫНЫҢ ҚҰРЫШЫ ҚАНДЫ (-Н ҚАНДЫРДЫ)

Айтқан әні, сөзі рахатқа бөлеп, ләззат сыйлады. ~ … оның салған әнін естігенде құлағыңның құрышы қанып, іштегі қайғы-шерің тарап, кен, дүниені еркін аралағандай болатын едік … Е.Байб. ~ – Ойбой, оны сұрап не қыласың!? Тіпті, құлағыңның құрышы қанбай тұрса былай – Айман деген келіншектің бұрынғы күйеуінің аты Рахат. Ж.Шәк. ~ — Ау, осы әңгімеден сенің құлағыңның құрышы қанғандай болып еді ғой, есіл ұйқыны енді не үшін қинап жатырсың. Ә.Әб. ~ Сарыарқаның селеуінен көп бітіп бермес әншілер бірінен бірі асырып, құлағыңның құрышын қандырады-ай. Т.Сәу. ~ ~ Сол түнi сәлем берудi ғана арман еткен асыл ағамен таң атқанша бiрге дәмдес болып, құлағының құшыры қанғанша әңгiмесiн тыңдады. Т.Мәнк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *