Бос жатқан елсіз, сусыз кең алқап. ~ Көбіне, бұл араны жаз көгілдір тартқан сарғыш дуадақ, қоңырқай безгелдек, қара бауыр буылдырық, сидиған сирақты тарғақ, тышқан аулайтын ақсарыбас құс тәрізді қыр құстары мекендейді. Бірақ осы құлазыған жапан түз аңға бай. І.Ес. ~ Құлазыған сенің құла түздерің, He білмеген, не көрмеген, ізгі елім. Жазылмаған тарихымның жолдарын, Ауызекі аңызыңнан іздедім. М.Мақ. ~ Шынында да, мынау кең дүниенің бетінде бір ұрттам су қалмағаны ма… Айдалада жападан жалғыз тұр. Алақтап жан-жағына қарайды. Сол баяғы құлазыған құла түз. Ә.Кек. ~ Онда бұлар тағы да мынау құлазыған қу медиенге тырағайлай безіп, құтылып кетеді. Ә.Кек.
