Бірден ұнатты, тәнті болды. * Әйтеуір, бесеудің ішіндегі мөлдіреген кішкентай сарысы менің еншіме бұйырды. Аты Сәлима екен. Бұрын қызбен кім жүріп көріпті, содан ба, Сәлимаға мен құлай жығылдым. Ә.Асқ. * Сонда жалындап тұрған жас басшының iсi мен сөзiне, ақыл-парасатына құлай жығылып, қатты тәнтi болса керек. Т.Сәу. * … талай жыл адамсыз қаңыраған қара шаңырақтан жылу іздеген Досмағанбет «көрейін, әуелі бір-бірімізді ұнатайыққа» салмай-ақ, ашаң, ақ сары қызбен бас қосты. Әйеліне құлай жығылған да, кет әрі де болмады. Н.Дәут.
