Posted in

ҚҰЛАҚ (ҚҰЛАҒЫН) САЛДЫ

Назарын аударды, тың тыңдады. ~ Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, – деді басқарма. М.Мағ. ~ Менің соншама уақыт ызыңдағанымнан ештеңе ұға қоймағаны, тіпті, құлақ салып та отырмағаны байқалады. А.Нүс. ~ Қартқожа әр болыста ауылнай, үшкөл деген бар деп естіді, пәленшенің, түгіленшенің балалары сол үшкөлде оқып жүр, екі-үш жылда орыс тіліне судай болады екен, сонсоң, тілмәш, періуатшік болуға жарайды екен, деген сөздерге құлағын салатын болды. Ж.Айм. ~ Қораның түп жағынан таң асырып қаңтарып қойған Тәңірбергеннің аты оқыранды. Мырза атысқа құлағын сап үй алдында іркіліп тур. Ә.Нұрп.

ҚҰЛАҚ САЛДЫ

Тыңдады, ынта қойды. ~ Төстік құлақ салып тыңдаса: «Қап, бәлем, Төстік! Саған қылмасам, әкем Шойынқұлақтың құнын алмасам!» – деп, шіреніп-шіреніп қояды. БС “Ер Төстік”. ~ Аузынан анасының шыққан жалын, Күйдірді алпыс екі тамырларын: Солқылдап құшағында құлақ салды Шер басқан сорлы ананың, тыңдап зарын. С.Мұқ. ~ Жұрт демін ішіне тартып, сахна жаққа құлақ салып, сілтідей тынып қалған. Ә.Нұрш.

  1. Тың тыңдады. ~ Әлдеқайда жол үстінде ерешке арбаның салдырағаны естіледі. Отряд кейде тоқтап, құлақ салып тыңдайды. М.Дәул.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *