Posted in

ҚҰЛАҚ ЕЛЕҢДЕТЕР (ЕЛЕҢ ЕТЕР)

Назар аудараралық, көңіл бөлерлік. ~ Құлақ елеңдетер бірдеңе естіп келсе, хан орданың маңында ертелі-кеш толып жүретін көп қызметшілерге анадайдан ақырып-жекіріп, жолын кескестеп сұқақтаған тазыларды қамшымен бір сықпыртып, төлеңгіттерді де тұқым-тұяғымен түгел сыбап, табалдырықтан бұтқа толып зорға аттар-ды. Ә.Кек. ~ Мына жаңалық ол тарапқа өзір жете қоймапты. Ұлықтардан да ат ізін салған ешкім болмапты. Шамасы, бұл орыс ұлықтары үшін де, қазақ игі–жақсылары үшін де құлақ елең етердей тосын хабар болғалы тұр. Ә.Кек. ~ Ешкімде үн жоқ. Дүниенің бәрі баяғыда–ақ бір мәңгілік ұйқының құшағына шомып кеткендей. Құлақ елең етер ештеңе жоқ. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *