Бұрын-соңды болмаған, тірі жан естімеген. ~ Егер сол сапарда Боранқұлы қасында жүрмесе, бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген мынау қорлықтан кірпияз Әнбияның буынып өлуі де ғажап емес-ті. Ғ.Біл. ~ Құлақ естіп, көз көрмеген сұмдық Әлиді жер жастандыра жаздады. Б.Тоғ. ~ Күйеу мен қыз да бұл «аурумен» ауырғалы біраз болды. «Жанар енді алысқа – құлақ естіп, көз көрмейтін басқа елге, жат жерге кететін болды». Ж.Шәк.
