Posted in

ҚҰЛАҚ ТҰНДЫ (ТҰНДЫРДЫ)

Құлақ жарардай қатты дыбыс туралы. ~ Мылтық даусынан құлақ тұнып, тау мен тас жаңғырығып кетті. Көзді ашып- жұмғанша болмады, Сарыбеттегі қалың таутекеден біреу де қалған жоқ, бір- ақ сәтте қырды асып жоғалды. Ә.Асқ. ~ Ақырған, айғайлаған, бақырған-шақырған дауыстардан құлақ тұнады. Д.Рам. ~ Оның үстіне құлақ тұндыра соққан үскірік жел қойны -қонышымды аралайды. С.Шәй. ~ Ышқынған үн, айқай-ұйқай құлақ тұндырды. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *