Posted in

ҚҰЛАҚҚА (ҚҰЛАҒЫНА) ТИДІ

Естілді, дауысы (дыбысы) жетті. ~ Кейде соғысып кеткен екі мұз күл-талқан болып ұсатылып, астына батады. Қобыздың күңіренгені сияқты сарнап, анық құлаққа тиеді. А.Байт. ~ Күз де болды. Сандықтау жақтан бірінен-бірі жақсы хабарлар құлаққа тиіп жатты. Ғ.Слан. ~ Осы хабар құлағына тиген бойда Қарақатын істеп жатқан шаруасын тастай сап, алау-далау боп жүгіріп келді. Ә.Нұрп. ~ Бұл жағдай Колчактың құлағына тиді. Және елшілерге қонақасы беретін күні Каргинскаяның өзі айтты. Ә.Нұрп. ~ Осы оқиға құлағына тиген Сегіз қос атпен Жабының соңынан қуып барады. Ол да сері, батыр жігіт екен. Осы оқиға құлағына тиген Сегіз қос атпен Жабының соңынан қуып барады. Ол да сері, батыр жігіт екен. С.Мұқ. ~ «Алдияр келе жатыр. Жолай қалыңдығына соғып, келінді де ала келетін болыпты» деген хабар құлағына тиді. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *