Posted in

ҚҰЛАҚҚА (ҚҰЛАҒЫНА) ҚЫСТЫРМАДЫ

Айтылған сөзге ден қоймады, тыңдау қажет деп таппады, мән бермеді. * Өзінің ата-бабасынан қалғанежелгі жерінде күн көрісінәзер айырып отырған халықты салық төлеуге мәжбүрледіңдер. Бір қорлыққа ұшырап алдарыңа дәт айтып барсақ,құлақтарыңа қыстырмадыңдар. Ж.Шәк. ~ Оны көзі тірісінде көріп-білгендер оның ірі ақын екенін білді. Бірақ, оның ақындық тұлғасын көзге іліп, сөзін құлаққа қыстырмады. Қазақ поэзиясына шын, шынайы таланттар аздық етпейді. Т.Әлс. ~ Оның үстіне француз әдеби сыны кітаптардың әдепкі дебютін оншалықты жылы қабылдай қоймаған-тын. Бірақ кітап сүйер қауым ол сынды құлаққа қыстырмады. С.Пірн. ~ …үйге барып шағым еткенмен Әжібек қатын- қалаш, кемпір- шалдың сөзін құлағына да қыстырмайды, қайта ерегесер болса үлкендерге тас лақтырып, балағаттап кетеді. С.Мұр. ~ Мазақтағандай боп шайға шақырған Жаманеркектің сөзін құлағына қыстырмады. Д.Досж. ~ «Сапасы сын көтермейді» деп сарапшылар шулап жатса да шығыстағы көршіміз оның бірін де құлағына қыстырмады. БАҚ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *