Posted in

ҚҰЛАҚҚА ТАЛЫП ЖЕТТІ (ЕСТІЛДІ)

Еміс-еміс естілген дыбыс туралы. ~ Айнала жым-жырт тыныштық. Алыстан еміс-еміс түйенің боздағаны, жылқының кісінегені естіледі. Оның өзі де жеті қат жердің астынан шығып жатқандай құлаққа талып жетеді. Ф.Оңғ. ~ Бiрақ бiр тұтамға толмас тұрқы көзге шалынар емес, зарыға төгiлген үнi құлаққа талып жетедi. Ә.Ыб. ~ Әкесi мен Мәулен екеуi бiршама ұзап барып, арық шетiне отырды. Анда- санда күңкiлдеген үндерi құлаққа талып жетедi. О.Елс. ~ Алыстан темір жол разъезінің маңынан, салдыр- гүлдір сілкінген ауыр жүк составының орнынан баяу қозғалған үні құлаққа талып естіледі. С.Ас.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *