Көптен естіп жүрген дауыс (ән, күй) туралы. ~ Қазір де азынаған боран суылынан құлаққа таныс еміс-еміс бір үнді аңдып, қапы қалмайын дейтін түсініксіз дегбірсіздікпен ындыны құрып, елеңдеп жатыр. С.Смат. ~ …көп алысқа ұзап көрмеген он алты жасар Құндақбай үшін Ташкент дегенің «Мың бір түн» ертегілерінен құлаққа таныс Бағдад шаһарынан бір былай емес еді. Ұ.Досп.
