Жым-жырт тыныштық туралы. * Күн майдай жылы. Ай сəулесімен өзен айнадай жылтырайды. Төңірек құлаққа ұрған танадай. Күннің тымығы қыз сықылды. Ж.Айм. * «Әкеңнің өлгенін жасырасың, көмгенде қайтесің» дегендей, жоқшылық айтқызбай қоймады. Үй ішіне бұл бір ауыр қайғы болды. Бәрі де құлаққа ұрған танадай, тым-тырыс сап бола қалды. Ж.Айм. * Кенет бөлменің іші құлаққа ұрған танадай тым-тырыс бола қалады. Жаппар оқыс тыныштықтан оянып кетеді. Ә.Кек. * Құлаққа ұрған танадай тыныштықтың ендігі қалған бүлдірушісі бұлақ қана: өзінен басқа әнші жоғына мәз болып, сылдыр-сылдыр үн шығарады. О.Бөк. Ә.Асқ. ~ Жүрегім кеудемді тесіп шығардай дүрс – дүрс ұрып бөлмеге кірдім. Пеш үстінде жетінші шам бозғылт сәуле төгеді. Құлаққа ұрған танадай тыныштық. Н.Сер. ~ Тағы да екеуден-екеу шошайып қала бердi. Тағы да құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады. Ә.Ыб. ~ Мәшине даусы етектегі Бұқтырмаға жеткенше естіліп тұрды. Содан кейін құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады.
