Posted in

ҚҰЛАҚҚА ҰРҒАН (ҰРҒАНДАЙ) ТЫНДЫ (ТЫНЫШТЫҚ)

Еш дыбыс жоқ, тылсым үнсіздік. ~ Үй іші құлаққа ұрғандай тынған. Үн-дыбыс жоқ. Табиғат дәл сол минутта кірсіз көңілмен «ғибадатқа» кіріскен Нағиманы қоштап, Нағима үшін бәрі де қол көтеріп, тілек істейтін секілді… Б.Майл. * Аздан соң осынау құлаққа ұрған тыныштықты қала шетінде гүрілдеген трактордың даусы, оған қосылған иттің шәуілі бұзып, ақыры әтештің шақыруымен тынды… З.Шаш. * Құм үстіндегі ауа бірқалыпты тымырсық тұрады. Көбіне зілдей ауыр соқыр тұман басып, төңіректе құлаққа ұрғандай тыныштық орнайды. С.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *