Өтірік айтты, жалған сөйледі, алдады (сленг). ~ Ол мектеп қабырғасында жүріп екіқабат болып қалыпты. «Бізден кеткен, колледжде оқиды» деп құтылмақтың әрекетін жасаған. Ал мынау бізге ертегі айтып, көпе-көрнеу құлақтан теуіп отыр. АҚ. “Дара сезім”. ~ Отыз жыл бойы құлақтан тепті, Лапшаны іліп, түк бітірмей кетті. Керсінше елдің байлағын тонап, Қазақ халқын қайыршы етті. БАҚ ~ Ақ жағалылардың алдауынан әбден мезі болған жұрт осы кезде шу ете қалды. Халықтың аты халық. Жолға жұмсалған қаржының есебін еске салғанда, әкімдік ұйқысынан оянып, “құлақтан” тепті кеп…Бәріне кінәлі мердігер. БАҚ.
