Жн-жануар аяқ баспаған қу медиен дала. ~ «Өлмеген құлға Құдай-ау… болып та қалды, міне жаз» демейтін бе еді Төлеген бейбақ «құлан өтпес құс ұшпас Қособаның жонында» Алланың аманат жанын тапсырғалы жатып?! Сол айтпақшы, Құдай қаласа, міне өлмеген құлға енді 1-2 айдан кейін Жаңа жыл да келеді. М.Кенж. ~ Шындығын айтсақ, сол кезде қыста арқасын аяз қарып, жазда күн ыстаған құлан өтпес, құс ұшпас қу медиен далада тұрмыстың ең ауырын тартып, бәдәуи болып жүргендер тек қазақтар ғана болатын. М.Кенж. ~ Өйткені қазақтың кез келген ең аңқау шалының өзі фильмдегідей ауыл айналасында емес, құлан өтпес, құс ұшпас мидай далада да алдындағы малымен бірге адасып қаңғалақтап кетпейді. М.Кенж.
