Адам түгіл, аң да өте алмайтын құла түз, шөл дала. ~ Жүретұғын жолыңда Құлан өтпес шөлі бар, Оны да басып өтесің, Қыран өтпес қия бар, Оны да басып өтесің. ҚЕ. “Ер Төстік”. ~ Батысы мен терістігін тұтастай Жоңғар Алатауы, шығыс қапталын найза шыңды, құлан өтпес Қыземшек таулары, ал түстік бетін аспанды тіреген, асқақ Тянь-Шань көмкеріп жатқан, қара орманды Іле жері артта қалады. Ж.Ахм.
