Posted in

ҚҰЛАШТЫ КЕҢ (КЕҢГЕ) ТАСТАДЫ (СІЛТЕДІ, СЕРМЕДІ)

Алысқа шапты, талпынды. ~ Айтөбел салғаннан суырылды. Мөңкіп шабатын машығымен құлашты кең тастайды. Алты айналымның бесеуінде қара салмады алдына. Ө.Кәр. ~ Құлашты кең тастап еркін көсілген «жортушылардан» жер қайысады. Екпіндерінен тал жапырылып, терек теңселердей. Ө.Кәр. ~ Орынбор атаманы өзге генералдардай бүтіл Ресей қамын ойлағансып құлашты кең сілтеген жоқ. Өзгелерге ұқсап ол өзін Верховный Правитель деп, премьер-министр деп атамады. Ә.Нұрп. ~ Менің құлашты кеңге сермегенім сондай, бүкіл ғылым мен мәдениеттің кеніш көзі – орыс тілінің өзі таршылық ете бастады. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *