Posted in

ҚҰЛДЫҚ НОҚТАСЫ

Біреуге бағыныштылық, кіріптарлық, құлшылық қасыреті. ~ Бұқардың заманы – ел басына ауыртпалық туған заман. Саяси хал, қазақ елінің басына құлдық ноқтасын кигізгелі қабағын түйіп, ауырлап келе жатқан. М.Әу. ~ Бұл күнге шейін бар
қазақтың баласында бір-ақ түрлі құлдықтың ноқтасы болатын… Әсіресе оқығандарының бой жазып, кең отырған күні бұл күнге шейін болған жоқ. М.Әу. ~ Ашу үстінде азат басын құлдық ноқтасына қалай сұғып алғанын өзі де аңғармай қалса керек. Ресейдің де аңдығаны осы ма, кім білсін, кешікпей Петрбордан бір шоқынған башқұрт келіп, Әбілқайырға да ант ішкізіп, шоқындырыпты десіп жүрді білетіндер. Қ.Жұм. ~ Әбілқайыр кетті-ау, бірақ оның басына киген құлдық ноқтасы бізге мұра болып қалып қойды ғой! деді Бұқар сұстанып, Ертісті еңкейте, Жайықты жағалата салған тас қамал, бекіністер күн өткен сайын қос өкпеңнен қысып келеді. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *