Posted in

ҚҰЛЫН-ТАЙДАЙ ТЕБІСІП ӨСКЕН (ТЕБІСКЕН)

Бала кезінен ойнап-күліп қатар есейген тетелес құрбы-құрдастар туралы. ~ Бұл не? Адамның кішкентайынан
құлын – тайдай тебісіп өскен інісі түгіл, жақын жолдасына да мұндай қиянат істеуге дәті шыдамайды? Ал
Пейілжан болса, бұны неге ойламайды? І.Ес. * Ұрыссын, талассын, төбелессін, жастай құлын – тайдай тебісіп
өскен, бір құрсақтан шықпаса да, бір құрсақтан шыққандай болған жалғыз ағасынан айырылудың да оңай емес екенін
ұқты. І.Ес. ~ ― Жастайымыздан құлын-тайдай тебісіп өсіп едік… Қара нанды қақ бөліп жеп, төс қағысықан достар
едік… Тірі қайтқаны жалғыз мен ғана… Б.Тоғ. ~ Әсіресе маған бір ұнайтыны – Алатаудан долы өзен құлайтыны,
Құлын-тайдай тебіскен құрбылардың, Әзілменен бір-бірін сынайтыны. М.Мақ. * Өткен жазда үйленіпті. Айшамен
бірінші кластан бірге оқыған, құлын-тайдай тебісіп өскен. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *