Ерекше сымбатты жас әйелдің дене мүсіні хақында. * Ал енді бір жерінде «көрсем де құралайды атқаным жоқ, ұқсатып Мақпалжанға шын жүректен» дегені көптің көкейіне жете қалды. Тыңдаушының көз алдына құралай сынды, құлын мүшелі сұлу қыздың кескіні келіп тұра қалды. С.Бақб. * Қазақтар қыздардың тұлғасының әсемдігін құлынның дене мүшесінің сұлулығына теңеп, «құлын мүшелі» деп сипаттайды. Қ.Ахм. * Ақ өңін ашатын ақшыл көк көйлегін қуалап жел соғады. Қыздың құлын мүшесі ап-айқын. Кетіп барады. Қайда бара жатыр? Жігіт оған жауап таба алмады. С.Шайм. * Бір баланың анасы болып қалғанмен, Жәниша да құлын мүшем өзімде деп санайтын. Ғ.Мүс.
