Жан-жақтап ентелеп, қаптап кетті. ~ Әп-сәтте керней-сырнай тартылып, дабыл қағылып, кешікпей-ақ қалың жұрт
құмырсқадай құжынап кетті. А.Сей. ~ Сонда құмырсқадай құжынаған елді, қайла, күрек көтеріп, тәшке итерген көп қазақты көріп Мырзақасымның ішіне суық енген еді. Б.Тоғ. ~ Үш жүздей үй тігілген екен. Төбе басынан қарағанда жиналған ел құмырсқадай құжынайды. Б.Тоғ. ~ бұлардың да қу жаны, ұрығын сеуіп болған соң ағаш біткеннің бұтағыңда құмырсқадай құжынап мыңына миллионы міңгесіп жатыр. Қ.Ысқ.
