Posted in

ҚҰМЫРСҚАДАЙ ӨРДІ (ШҰБЫРДЫ)

Ығы-жығы қаптады, құжынап кетті. ~ Қыраттау жерде көп ұшырасатын қарақұрттар, дәл Сырдың өз жағасында жоқ. Бірақ, айырқұйрық шаяндар шілде кезінде Сырдың жағасында құмырсқадай өреді. Бүйілер ше?.. Және қандай бүйілер, олар? С.Мұқ. ~ Өз тілінде шуылдасып, құмырсқадай шұбырып тағы да екі жақ бүйірден лап қойған ойрат – қалмақтар төбенің етегіндегі қойтас пен ой – шұқанақтарға жетіп сәл бөгеліңкіреп қалғанда, жоғарыдан тағы да ысқырып ұшқан жебе мен оқ астында қалып, бес – ондап ат үстінен ұшып түсіп жатты. С.Смат. * Сумаңдап үй-үйді, ауыл-ауылды аралап жүріп өсек айтқан әйелдер де құмырсқадай өріп кетті. Ә.Шәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *